Размер шрифта:
Мен Туымды мақтан етемін!
23-10-2020 01:08

«Мен Туымды мақтан етемін!» – қазақ жастары патриоттық челлендж бастады.Facebook, Instagram желілерімен қатар YouTube желісінде де осы бастамаға қатысты видео тарауда. Қолданушылардың бірі арнайы видео әзірлесе, енді бірі өлең-жыр арнап, үн қосқан.

«Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны.

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім», – деп жыр арнаған қолданушылардың бірі.Мемлекетіміздің айнасы іспетті туымызды аяққа таптатуға жол бермейміз! Батыр бабаларымыз ешқашан туымызды жықпаған, қашан да қастерлеп жоғары ұстаған.