Қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушыға бағытталған психолог кеңесі
01-09-2020 12:32

Қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушылар оқу атмосферасын сақтау қажет.

Сабақ кестесі, онлайн – сабақтарды талқылау, онлайн тестілер мен жаттығуларды шешу, мұғалімнің қойған талаптарымен оқушы арасында кері байланыс қалыптастыру ұсынылады.

Қашықтықтан оқыту - бұл демалыс емес. Сондықтан оқушыға сай күн режимін сақтауға тырысыңыз.

Күнделікті мектепке баратын уақытыңызда тұрып, сабақ басталуға 15 минут қалғанда оқу құралдарыңызды дайындап, компьютерден онлайн оқу құрылғысын қосып, сабаққа дайын болыңыз.                

Өзіңізге мектептегі атмосфераны қалыпты сақтауға ыңғайлы болу үшін мектеп формасын киіп алу ұсынылады. Ол әрине әркімнің өз қалауы бойынша,  бірақ онлайн сабақ кезінде оқушы киімі талапқа сай болуы қажет. Үй киімі, спорт киімдері болмауы керек.

Сабақ уақытында сабаққа кедергі келтіретін бөгде заттарға алаңдамауға тырысыңыз. Сабақ оқитын бөлмеңіз жеке, таза, терезесі ашылатын бөлме болуын ата-анаңызға талап етіңіз.

Онлайн сабақ кезінде мұғалімді мұқият тыңдау ұсынылады, себебі сіз сияқты көптеген оқушылар бір уақытта сабаққа қатысып отырғандықтан, бір – біріңізге кедергі болмауын есте сақтаңыз. Сабаққа қатысты түсінбеген сұрақтарыңыз болса, сабақ аяқталған соң компьютердің арнайы тетігін басу арқылы мұғалімге сұрақ қоя аласыз.

Сабақ үрдісі кезінде негізгі сабақтар мен қоса, қосымша шығармашылықпен айналысатын сабақтарды да қатар алып жүруге барынша тырысыңыз. Дене шынықтыру сабағындағы жаттығулар сіздің онлайн оқу кезіндегі дене бітіміңізге түскен салмақтан арылу үшін, салауатты өмір салтын сақтауға өте пайдалы екенін ұмытпаңыз. Ал шығармашылықпен айналысу – қолдың  ұсақ маторикасын дамыту үшін, оқушы қиялын шарықтатып, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін көп септігін тигізеді.