«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты мерекелік калейдоскоп
06-03-2019 16:21
«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты мерекелік калейдоскоп

        Көктемнің алғашқы мерекесі – аналар мерекесі 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай, қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында 2019 жылдың 6 наурыз айында 8 А сынып оқушыларымен №3 кітапхана-филиалында «Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты мерекелік калейдоскоп өткізілді.
     Бойжеткен қыздар бір-бірімен сұлу көрінудің сырларымен бөлісіп, осы атаулы күннің дәстүрлері қыз баланың тәрбиесі туралы Зейнеп Ахметованың «Қыз бала-ұлт болашағы» атты сұхбатынан бейнежазба тамашалады. Мерекелік іс шараға кітапхананың тұрақты оқырманы, көп балалы батыр ана Ділдә апаймен қатысып, қыз баланың тәрбиесі жайлы кеңестерін айтып, мерекемен құттықтады.
Қ. Мырзалидің «Әдемі қызды көргенде, ақылды қызды аяйсын» дегеніндей, қыз баланың сұлулығы тек сыртқы келбетінде емес, ішкі жандүниесінің тазалығына да байланысты екендігін айта кетіп,аналарымызға арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. 
   Шара соңында қыздарға арналған кітап көрмесіне шолу жасалып, естелікке сыйлықтар таратылды.