«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ «Қамқорлық» акциясы бойынша өткізілген іс-шара туралы ақпар
11-02-2019 11:19
«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ «Қамқорлық» акциясы бойынша  өткізілген іс-шара туралы ақпар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы еліміздің барлық білі беру ұйымдарында өткізілуде.

Акция мақсаты– әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер(киімдерінің, аяқ кимідерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.

Акцияның басым міндеттері мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызған себептерді айқындау, дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеуді алдын алу, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту, жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту.

Аталған іс-шара бойынша мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен бір отбасына  демеушілерден азық-түлік ретінде үлкен көмек көрсетілді. Сонымен қатар мектептің көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 3 оқушысына оқу-құралдармен көмек жасалды.

Акция шеңберінде:

қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында және дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды айқындау үшін мектептерге бекітілген шағын учаскелердегі үйлерді аралап, рейдттер жүргізілді.

Аталған шараларды балалардың құқықтарын қорғау саласында акциялар, рейдтер өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға(www.bala-kkk.kz«Электрондық кітапхана» айдары) сәйкес өткізілді.

 

Мектеп директоры                                      Г.М. Мантаева