Өз балаңа үлгі бол
16-10-2018 14:59
Өз балаңа үлгі бол

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» Отбасылық Тәрбиелеу Институтының нұсқауы бойынша С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 14.10.2018ж.күні «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына конференция ұйымдастырылды. Конференция мектеп директоры орынбасары Г.М.Манатаеваның алғы сөзімен басталды. Мектеп директорының орынбасары конференция қатысушыларына Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатын оқып берді. Мектеп директорының орынбасары 8-9 оқушыларының ата-аналары тап болатын проблемалар бойынша сөз кезегін мектеп психологі А.А.Кәрібекке берді.