кітап әлеміне саяхат
16-10-2018 14:46
кітап әлеміне саяхат

            С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының кітапханашылары оқушыларға білімнің кілті кітап арқылы берілетінін, оның адам өміріндегі маңызын ұғындыру, кітапты құрметтеу, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу және кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 1-сынып оқушыларына саяхат ұйымдастырды. Мектеп кітапханашысы Ахметова Магира оқушыларды кітапханадағы айдарлармен таныстырды. Атап айтсақ, «Елбасы бағыты-еліміздің бақыты», «Балаларға базарлық», «Рухани жаңғыру», «Бір ел-бір кітап» атты тақырыптық көрмелерді тамашалады. Балаларға арналған әдеби-көркем оқулықтар, ертегі кітаптар,газет-журналдармен таныстырып, кітап әлеміне саяхат жасатты. Электронды қазақ үй аудио жинағы арқылы және «Балдырған» журналынан ертегі оқып беріп, әрқашан кітапханамен байланыста болып, кітап оқуға шақырды.