«Ядролық қарусыз жарқын болашаққа» атты танымдық сағаты өткізілді.
26-06-2019 15:24
«Ядролық қарусыз жарқын болашаққа» атты танымдық сағаты өткізілді.

    19 маусым күні «Алау» жазғы демалыс лагерінде тәлімгер А.Смайлованың ұйымдастыруымен «Ядролық қарусызжарқын болашаққа» атты танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптарын түсіну. Ядролық полигонды жабудағы Елбасының ролін ашу. Ядролық қарудан бас тартқан еліміздің халықаралық аренадағы ролін анықтау. Бейбітшілдік, Отансүйгіштік қасиеттерді дамыту. Танымдық сағат барысында демалушыларға ядролық қарудың зардаптары туралы айтылып өтті. Балалар өлеңдер оқып, әндер айтылды. Бейбітшілік құсы саналатын көгершін ұшырып, тас жолда суретттер салды.