«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ –НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» республикалық акция шеңберінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» деген тақырыпқа өткізілген іс-шаралар
12-06-2019 15:34
«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ –НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» республикалық акция шеңберінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» деген тақырыпқа өткізілген іс-шаралар

     «С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы»  КММ жанынан ашылған «Алау» жазғы демалыс лагерінде «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ- НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» республикалық акция шеңберінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» деген науқанға байланысты    1 маусым күні «Бар мейіріміміз балаларға» атты тақырыпта флешмоб ұйымдастырылса, 4 маусым күні рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту мақсатында рәміздер күніне арналған «Ел рәміздері-елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты іс-шара өтті. «Алау» жазғы мектеп лагерінің әр топ оқушылары патриоттық әндер айтты. «Ақ көгершін», «Күншуақ» тобындағы оқушылар туған жер, рәміздерге байланысты өлеңдер мен мақал-мәтел арқылы сайыс өтті. Мектеп алаңында оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен гимн орындалды. Іс-шараға жазғы мектеп  лагерінің оқушылары белсенді қатысты. 5 маусым Оқушылар сарайының     жанынан құрылған «Балауса-2019» жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Жүзден жүйрік» станциялық ойыны өтті. Ойынға «Алау» жазғы демалыс лагерінен ересектер тобы қатысып жүлделі І орынға ие болды. 6 маусым күні «Алау» жазғы лагерінде тәлімгер Смайлова Айдананың ұйымдастыруымен кіші топтар арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында демалушылар сурет салудан, логикалық есептер шығарудан, ермексаздан мүсіндер жасау кезеңдері өтті. Демалушылар сайыстан керемет әсер алды. Топтар мақтау қағаздарымен марапатталды. 7 маусым күні қаламыздағы «Астана» аллеясында өткен «Сумен достық» атты спорттық іс –шараға қатысып қайтты. Шара барысында демалушыларды өрт сөндірушілердің жұмысымен қаныстырып, қызықты ойындар ойнатты. 10 маусым күні қаламыздағы №3 кітапханаға барып, демалушылар кітапхана қорындағы кітаптармен танысып қайтты. «Мың бір мақал» ойынын ойнатты. Демалушылар мақалдарды тауып, өздеріне керекті мағлұматтармен білімдерін тереңдетті. Балаларға арналған жаңадан келген кітап қорларымен танысып, ертегілер оқып, кейіпкерлерін талдады.