«Сумен достық» атты спорттық іс –шараға
07-06-2019 15:03
«Сумен достық» атты спорттық іс –шараға

    «Алау» жазғы демалыс лагерінің демалушылары 7 маусым күні қаламыздағы «Астана» аллеясында өткен «Сумен достық» атты спорттық іс –шараға қатысып қайтты. Шара барысында демалушыларды өрт сөндірушілердің жұмысымен қаныстырып, қызықты ойындар ойнатты. Сонымен қатар дәл осы күні қаламыздағы №3 кітапханаға барып, демалушылар кітапхана қорындағы кітаптармен танысып қайтты. «Мың бір мақал» ойынын ойнатты. Демалушылар мақалдарды тауып, өздеріне керекті мағлұматтармен білімдерін тереңдетті. Балаларға арналған жаңадан келген кітап қорларымен танысып, ертегілер оқып, кейіпкерлерін талдады.