"Тар жол, тайғақ кешу"
12-04-2019 11:06

    «Қазақтың біртуар перзенті, аса көрнекті ақыны және мемлекет  қайраткері Сәкен Сейфуллиннің  "Тар жол, тайғақ кешу"  романы биыл  «Бір аймақ- бір кітап» облыстық акциясы аясында  оқылып,әр түрлі іс-шаралар өтуде. Осы орайда,С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының  мұражайында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Г.Қ. Шәрбекованың ұйымдастырумен  С.Сейфулиннің 125-жылдығына арналған  «Сәкен жолы»  атты конференция өтті. Бұл шараға  7-8 сынып оқушылар қатысты.  Шығарманың  сан қырлы бұрмалаудан өтіп бүгінгі күнге жеткендігі жайлы тың деректер айтылды. Конференция барысында  7Б сынып оқушылары тыңғылықты дайындықтарын көрсетті. Қатысушылар өздерінің жыр сұңқары Сәкен атындағы мектепте оқитындарын мақтан етті. Мектеп кітапханашылары    Сәкен Сейфуллиннің  "Тар жол, тайғақ кешу"  романы  бойынша кітап   көрмесі мен стенд жасап ұйымдастырды. Кітапханашы М.К.Ахметова   көрмемен таныстырып, Сәкеннің кітаптарына шолу жасады.