«Digital resources in the 21st century».
29-11-2018 08:25

Ақпарат

«Саяқ жалпы білім беретін №6 орта мектебінде» КММ 17.11.18 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі  Кабдиманова А.К. «Digital resources in the 21st century» тақырыбында семинар сағатын өткізді. Семинар мақсаты бүгінгі басты мәселемізді қарастырып, білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде сабақта ақпараттық технологияларды пайдалану туралы сандық ресурстардың тізімімен таныс болып, сабақ барысында қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет екенін ұмытпау. Сонымен қатар, барлық сабақтарда компьютердің қуаттануымен жүргізу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болатынын атап өтті. Pixton.com, Vokiavatar.com, Learningapps, Emaze.com, Crocodileboardgame and etc. сандық ресурстарға жеке жеке тоқталып, түсіндіріліп, қалай қолданылатыны көрсетілді.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылатыны айдан анық. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек екені айтылды.