«Саяқ кенті №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2023-2024оқу жылы
Тегін ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша ақпарат.
Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді.
Мектебімізде жалпыға міндетті оқу қорынан 11 оқушы,ал 1-4 сыныптар жергілікті бюджеттен 134 оқушы тегін тамақтануда.
Тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітілген.
Тегін тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
5) Өзге де санаттарына жататын отбасылардан шыққан балалар.
Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылып, брокераждық комиссия құрылған.Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, ата-ана комитеті, медициналық қызметкер.
Комиссияның міндеттері:
Балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;
тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;
оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
комиссияның жұмыс жоспарын жасау, оны мектептің әкімшілігімен келісу.
Тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы өндірістік қадағалауды ұйымдастырады.
Бір реттік ыстық тамақ құны жалпы оқу қоры есебінен тамақтанатын оқушыларға 501,76 теңге, ал жергілікті бюджеттен тамақтан 1-4сыныптарға 501,76 теңгені құрайды.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асханада тазалық жұмыстары жүргізіледі.Сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Ас мәзірінде балғын көкөністер болады.
Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады.Әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады
Әлеуметтік педагог: Амирова Л.К