2022 – 2023 оқу жылына арналған "Ақиқат" дебат клубының есебі
18-08-2023 10:22

2022 – 2023 оқу жылына арналған аға тәлімгер есебі

«Ақиқат» дебат клубы

Оқу жылы барысында «Ақиқат» дебат клубына барлығы 31 оқушы қабылданды.Клубтың негізгі мақсаты: оқушылар арасында қазақ тілін жетік меңгерген тіл байлығы мол, сөзге шешен, болашақта нағыз журналист болатын жастарды тәрбиелеп шығару.Осы мақсатқа жету барысында әртүрлі тақырыпқа мектепішілік турнирлер өткізіліп отырды. Атап айтсақ, «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті», «Әлеуметтік желіде отырып жастар не ұтады?», «Жастардың бойында патриотизмді арнайы тәрбиелеу қажет пе?»сынды тақырыптарда АПФ форматында турнирлер ұйымдастырылды. Турнир барысында ерекше көзге түскен, жоғарғы ұпай сандарымен «Болашақ» тобы жеңіске жетіп, қалалық турнирлерге жолдама алып отырды. «Болашақ » тобының мүшелері 8-сынып оқушылары Сәрсенбинов Саламат  және Абилов Али. Нәтижесінде «Болашақ» тобы аймақтық турнирлерге қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.