Патриоттық әндер байқауының ақпары
20-05-2019 15:12

   30.04.2019 ж күні мектебімізде музыка пәні мұғалімі Сейтбекова Г-ның ұйымдастыруымен  патриоттық әндер байқауы өтті.Патриоттық әндер байқауының жақсы жақтары өте көп. Жастарымыз қазіргі таңда саны бар,сапасы жоқ әндерді көп орындап жүргені бәрімізге белгілі. Патриоттық әндер байқауын өткізуіміздің мақсаты жастардың патриоттық әндерге деген қызығушылықтарын арттыру. "Отан", "Қазақстан", "Туған жер" сынды әндердің ұмытылып кетпеуінің алдын алып, әндерді құлшына сахна төрінде шырқаса деген мақсатпен өткіздік. Байқау 5-9 сынып оқушылары арасында өткізілді. Барлық сыныптар байқауға белсене қатысты, сонын ішінде 9 «б» сынып оқушылары 1-орын , 6 «а» сынып оқушылары  2-орын , 5 «б» сынып оқушылары 3-орын иеленіп ерекше көзге түсті.