«Қазақстан Қарулы күштері қатарына қосылу-менің азаматтық борышым»
26-04-2019 11:48

«Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі»КММ

2018-2019 оқу жылы

      Сәуір айының 25 күні мектебімізде «Қазақстан Қарулы күштері қатарына

қосылу-менің азаматтық борышым» атты патриоттық акция өткізілді.

Мақсаты:жасөспірімдерге қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу,елжандылық,

отаншылдыққа,салауатты өмір салтына баулу.

Патриоттық акция аясында мектеп жиыны өтіліп,оқушылар кеңесінің мүшелері

жалынды жыр шашуларын арнай отырып,жастарды еліміздің нағыз патриоты

болуға үндеді.

Сонымен қатар жоғарғы сынып оқушылары арасында «Қазақстан Қарулы күштері қатарында өз борышыңды атқаруға дайынсың ба?» сауалнамасы

жүргізілді.Сауалнама нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқан оқушылардың

60 пайызы әскери борышын өтеуге қарсы еместігін,дайын екендігін білдірді.

Сонынмен қатар,акция «Отанды қорғау-ел үмітін ақтау» ұранымен өткізілген

«Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынымен аяқталды.Ойынға жоғарғы сынып

оқушыларынан «Жастар» және «Сұңқар» құрама командалары сайысқа

түсті.Бұл ойында қатысушылар эстафета,автоматты шашып-жинау,арқанмен өрмелеу,алғашқы медициналық көмек көрсету,картоп аршу,арқан тартысу, ныса-

наға оқ қадап ұпай жинау,ұзындыққа секіру сияқты сайыс түрлерінен

сынға түсіп, «Жастар» командасы жеңіс тұғырына шықты.