Мектеп мұражайына саяхат ақпар
08-04-2019 21:57

«Саяқ кенті жалпы білім беретін№6 орта  мектепте мұражайы оқушылардың туған өлкенің тарихы мен мəдениетіне қызығушылығын арттыру мақсатында ашылған болатын.Бұл мұражай шығармашылық бейімділікке қолдау көрсету,аға ұрпақ бойындағы құндылықтарға құрметпен қарау, елін,жерін сүюге бағытталған. Өз өлкеміздің тарихын зерттеу, насихаттау,жас ұрпаққа таныстыру мұражайдың негізгі міндеті. Қысқа уақыт ішінде мектеп оқушыларын оқыту мен тəрбиелеуде тиімділігі артып тəжірибеде кеңінен қолданылуда.Бүгінде ұлтымыздың мұраларынан айырылып қалмауға септігін тигізетін рухани-мəдени орынға айналып отыр.