Размер шрифта:
Жалпы - аналар жиналысы
09-09-2016 15:42
Жалпы -  аналар жиналысы

  2016 жылғы 08 – 09 қыркүйекте «Бөбек» МЖДМ КМҚК «ХХІ ғасырдың ата - аналары» атты Қазақстан Республикасының «Отбасы күніне» орай, жалпы ата – аналар жиналысы өтті. Жиналыс  директор Жанар Төлеутаевнаның құттықтау сөзінен және жазғы мезгілінде ұйымдастырылған іс – шаралары, оның ішінде балабақшаның шатыры, жылулық құбырларын жөндеуден өткені бойынша есеп беруден басталып, әдіскер А. Сулейменова жазғы сауықтыру мезгіліндегі жұмыс жоспары бойынша, жеткен жетістіктерді атап өтті.

Күн тәртібі бойынша ата – аналарға «ХХІ ғасырдың ата – анасы қандай болу керек?» деген тапсырмада өз пікірін білдіру ұсынылды. Сонымен қатар, балабақша педагогтары «ХХІ ғасырдың ата - аналары», «Заманауи гаджеттің пайдасы мен зияны» деген өзекті тақырыпты қозғап, ата – ана мен баланың қарым – қатынасын нығайту үшін ағылшын тілі оқытушысы «Ағылшын тілін бірге үйренейік» тақырыбында, қарапайым ағылшын тілін үйренудің жолдарын ұсынса, педагог – психолог Кунменай Максутовна коммуникативтік ойындар мен жаттығулары арқылы ата – аналар арасында ойын ұйымдастырып, практика жүзінде көрсетті.

Сөз соңында ата – аналар алғыстарын білдіріп, балабақша ұжымына табыстар тіледі.