"Біздің жайдары жаз!"
12-08-2016 11:22

     2016 жылғы 12 тамызда "Бөбек"  МЖДМ КМҚК "Біздің жайдары жаз!" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеде балабақша тәрбиеленушілерінің ата - аналарымен, педагогтармен бірлесіп жасаған бұйымдары көрмеге ұсынылды. Жасаған бұйымдар, өте әдемі, ғажайыпқа толы болды. Балабақшаның алаңында ұйымдастырылған көрме серуенге шыққан бүлдіршіндерге үлкен тосын сый болды. Балалар қызығушылықпен әрбір бұйымды зерттеп, қарап шықты. Соған қарағанда, көңілдерінен шыққан сияқты.