Размер шрифта:
"Бөбек" кубогы футболдық матч
06-08-2016 07:30

       2016 жылғы 05 тамызда "Бөбек" МЖДМ қабырғасында "Бөбек" кубогы үшін үш ортаңғы топтың ұлдарынан құралған "Қыран", "Барс", "Чемпионы" командаларының арасында футболдан матч өтті. Бұл ойын жаз бойы жүргізілген "Бөбек" футбол үйірмесінің жұмысының нәтижесі болды. Айта кетерлігі, балалардың дайындығы жаман емес, алайда, әлі де болса шыңдалу керектігі байқалып тұрды. Кішкентай футболшыларды қолдауға ата - аналары келіп, ойынның сәнін келтірді. Сонымен қатар, футболышларды черлидер қыздар қолдады. Ойын соңында нәтиже осылай орын тапты: "Барс" тобы ІІІ орынға, "Чемпиондар" командасы ІІ орынға ие болды. Командаларға шамалы "командалық рух" жетіспеді десек болады, әйтпесе екі команда да осал емес. Жеңімпаз командасы болып, сөзсіз "Қыран" командасы аталды. Болашақта бұл балалардан жақсы футболшылар шығатынына кәміл сенеміз.