"Бөбектердің басынан өткен шытырман оқиғалары"
22-07-2016 06:44

       2016 жылғы 22 шілдеде  «Бөбек» МЖДМ КМҚК су қауіпсіздігіне арналған қорытындысы ретінде «Бөбектердің басынан өткен шытырман оқиғалар» атты ойын – сауық өтті. Бұл іс- шараның мақсаты балалардың судағы қауіпсіздік жөніндегі білімдерін нығайту болып табылды. Ортаңғы топ балалары құтқарушылардың рөлін сомдаса, екінші кіші топ балалары суға батушылардың рөліде болды. «Құтқарушылар» «суға батушыларды» орнатылған кедергілерден өткізіп, жұмбақ бір аралға тап болды. Ол жерде, бүлдіршіндерді су қарақшылары күтіп алып, аралға тек арнайы тапсырмаларды орындаған соң ғана жолдың ашық болатыны туралы жеткізді. Балалар су қарақшыларының тапсырмасын мұлжытпай орындап, соңында қазынаға толған сандық тауып алып, барлығы қосылып, көңілді биде мың бұралды.