Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
03-06-2016 05:10
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

2016 жылғы 03 маусымда «Бөбек» МЖДМ КМҚК Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай ересек топ балаларының қатысуымен ойын – сауық өтті. Мереке, салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Туы ортаға алынып, Әнұранның орындалуымен басталды. Сонымен қатар, бүлдіршіндер Отан туралы, Ту, Елтаңба, Әнұран туралы өлең-жырларын оқыды. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Арқан тартыс» ойын – сауықтың ерекшелігі болды. Атаулы іс – шара «Алға, Қазақстан!» флешмобымен, жақсы көңіл – күй нотасында аяқталды.