Қош бол, балабақша!
25-05-2016 16:57
Қош бол, балабақша!

2016 жылғы 25 – 26 мамырда екі ересек топтарында балабақшамен қоштасу салтанаты өтті. Төрт жыл бойы алған білімдерін, өнерлерін көрсетті. Балалар валсьпен мың бұрала билеп, өлең – жырларын арнап жиналған жұрттың жүрегіне жылулық ұялатты. Балалармен қоштасуға, мектепке барарда ақыл – кеңесімен бөлісіп, ертеңгіліктің көркін келтірген «Білім патшайымы» мен «Портфель» болса, балалардың көңілін көтеріп, «Дұрыс жолдан тайдыруға» қонаққа «Екілік» келді. Ал ортаңғы топ балалары аға –әпкелерімен қоштауға келіп, өздерінің құттықтауларын ала келді. Мерекенің соңы ата – аналардың және педагогтардың құттықтау сөзімен аяқталды.