Біз мақтанамыз!
13-05-2016 09:49
Біз мақтанамыз!

2016 жылғы 13 мамырда «Бөбек» МЖДМ КМҚК-да көптеген атқарылған жұмыстың нәтижесі – спорт алаңы ашылды. Салтанатты түрде балабақша директоры Жанар Толеутаевна Жазбекова «тұсаукесер» рәсімін өткізіп, жиналған ата – аналарды, балаларды, қызметкерлерді құттықтап, алдағы уақыттарда спорт алаңында түрлі сайыстар ұйымдастырылатыны туралы айтып өтті.

Мереке  ересек тобының балаларының өлең – жырларымен, «Толағай» әнімен өз жалғасын тапты. Дене шынықтыру нұсқаушысы Кунменай Максутовна Базарбаева екінші кіші топ балаларымен «Көңілді жаттығу» өткізсе,  үш ортаңғы топ балаларымен эстафета ойындарын ұйымдастырды. Жеңіске «Жас қыран»  тобы жетті. Ал, педагогтар мен ересек топ балалары «Алға, Қазақстан!» атты флешмобын орындады. Алғашқы болып спорт алаңында «Аналар» командасы мен «Педагогтар» командасының арасында волейбол ойынынан жарыс ұйымдастырылып, үш таймда да «Аналар» командасы алда болып, жеңімпаздар мәртебесі бұйырды. Айта кететініміз, бұл спорт алаңы  тағы да бір еңбегіміздің жеңісі...