Әдістемелік жұмыстар

Дата: 2021-03-03 09:51:19
Әдістемелік жұмыстар

Мектебіміздің жас мұғалімдері  25 және 26 ақпанда Қарағанды қаласының педагогикалық шеберлік орталық мамандарының қатысуымен сабақтарын өткізілді.

Бұл сабақтар педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында жүргізілді. 

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухитова Евгения Юрьевна 5-сынып оқушыларына орыс тілінен «Гүлдер елі» тақырыбында сабақ  берді.

3-сыныпта математикадан «Разряд арқылы ауысумен жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Айгерім Ерланқызы өткізді. ПШО мамандары екі мұғалімге де «жақсы» деген баға берді.

Сабақтарды жоспарлау мен өткізуді жақсарту үшін толық талдау жасалып, ұсыныстар айтылды.