2019 жылдың 22-ші қазанында лицейде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша 10-сынып оқушылары және қаламыздың кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Дата: 2019-10-29 11:43:18
2019 жылдың 22-ші қазанында лицейде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша 10-сынып оқушылары және қаламыздың кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

2019 жылдың 22-ші қазанында лицейде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша 10-сынып оқушылары және қаламыздың кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы.

Кездесуде  «Жас кәсіпкер» оқуын аяқтаған, ветеринарлық дәріхананың иесі Омар Аят және «Бастау бизнес» оқуын тәмамдаған, тігін шеберханасын ашқан жас кәсіпкер Бабагалиева Умит Куандыковна дәріс оқыды. Дәріс барысында, жас кәсіпкерлер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. 10-сынып оқушылары жас кәсіпкерлерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қызыға тыңдады.