Республикалық «Мектепке жол» акциясы

Дата: 2019-09-27 09:26:18
Республикалық «Мектепке жол» акциясы

Республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін өткізілуде. Акция аясында қаламыздағы жеке кәсіпкерлер мен ұйымдардың басшылары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсетуді дәстүрге айналдырған.

         Бұл акция біздің  Абай атындағы №2 лицейде де үлкен қолдауға ие болды. Тамыздың 1-і күні «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру мен өткізу бойынша кеңес өткізіліп, қоғамдық штаб құрамы бекітіліп, айлық жоспар құрылды.Акция жарияланған күннен  лицей директоры атына  52ата-ана мен  заңды өкілдерінен жалпыға міндетті оқу қорынан  материалдық  көмек  көрсету туралы өтініш түсті.  Ата-аналар мен заңды өкілдерден талапқа сай  тиісті құжаттар жинақталды.

2019-2020 оқу жылындағы лицейдің қамқорлық кеңесінің шешімі бойынша 52 білім алушының мектепке баруына қолдау көрсетіліп, киім кешек, мектеп формасы, әрбір мектеп оқушысына арналған қажетті кеңсе тауарлары , оқу-құралдары толтырылған сөмкелер алынып табысталды. Нақты айтқанда  жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған 4 оқушыға, аз қамтылған  отбасылардан шыққан 48 оқушыларға көмек ұйымдастырылды.

Көп балалы отбасынан шыққан 18 оқушығада лицей ұжымы мен демеушілердің тарапынан көмек көрсетілді. Қол ұшын созған демеушілілерді атап өтер болсақ «Абай атындағы №2 лицей»КММ-нің 4 «Б» сыныбының ата-аналары, Махметова Наргиза 4 «Г» сыныбының ата-анасы, Жанисова Рима 8 «В» сыныбының ата-анасы, Асанова Айнур 7 «А» сыныбының ата-анасы, 11 сынып оқушылары Ерланова Камила мен Карыбаев Адиль және лицей ұжымы қаржылай көмек берді.  Демеушілерден түскен қаржыға көп балалы отбасынан шыққан 18 оқушыға оқу-құралдарымен жабдықталған сумка табысталып, қосымша 2 оқушыға костюм шалбар, туфли және ақ көйлек алынып берілді. Көмек көрсеткен демеушілерге және лицей ұжымына алғысымызды  білдіреміз!