Денсаулығым - байлығым

Дата: 2023-06-07 22:27:56
Денсаулығым - байлығым

«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің 2-топ демалушылары Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайына барып, қосымша білім беру ұйымының үйірмелері және спорттық секциялары түрлерімен танысты. Экскурсия барысында балалар білезік тоқып, сурет салып және спорттық бағыттардағы жаттығуларды орындады. Экскурсия балалардың қызығушылық бағыттарын, қабілет деңгейлерін айқындауда пайдалы болды.Экскурсия соңында балалар қалалық «Денсаулығым - байлығым» атты спорттық жарысқа қатысып жүлделі 3-орынға ие болды.