Ашық есік

Дата: 2023-05-24 10:59:50
Ашық есік
2023 жылдың 19 мамыры күні кәсіптік бағдар беру мақсатында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінде 9-сынып оқушыларына арналған "Ашық есік" күні өтті. Оқушылар студенттердің шығармашылық жұмыстары мен көрмесін тамашалады.
 Іс-шара барысында колледж директоры Е.М.Смағұлов сөз сөйлеп, оқу орнының тарихына тоқталып, мамандықтар туралы ақпарат берді.  
 Іс -шара концерттік бағдарламамен жалғасып,  әр факультет өз өнерлерін көрсетті. Мамандық таңдаудағы маңызды шараға оқушылар белсенді қатысып, өз қызығушылықтарын, оң пікірлерін білдірді.