Ұлы есімдер ұмтылмайды

Дата: 2023-05-12 11:50:01
Ұлы есімдер ұмтылмайды

2023 жылдың 5 мамыр күні 7 В сыныбының сынып жетекшісі Т.Е.Умбетова  9 мамыр- Жеңіс күніне орай «Ұлы есімдер ұмтылмайды» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.  Ұлы Отан Соғысына  еліміздің түкпір-түкпірінен қаншама қазақ  жастары аттанып,  ерлікпен  қаза тапса, аман оралған батырларымыздың да бүгінгі күні көзі жоқ. Сұрапыл соғыс жылдары қан майданға қатысып ерлікпен қаза тапқан қаракөз шығыстың қос шынары атанған Әлия  Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, ұшқыш батырымыз  Талғат Бигелдинов, партизан жазушы Қасым Қайсенов, Халық қаһарманы атанған Бауыржан Момышұлының ерліктері бүгінгі ұрпаққа  үлгі-өнеге. Сынып сағатында осы батыр апаларымызды ұлықтап,  есімдері алтын әріппен жазылған батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайтындығы туралы айтылып, оқушылардың бойына патриоттық сезімді ұялата білді.