Кітап жарнамасы

Дата: 2023-03-20 11:27:30
Кітап жарнамасы

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қолға алынған «Кітап жарнамасы» жалғасын табуда. 15 наурыз күні таңғы уақытта 8 Б сынып оқушылары «Бақытсыз Жамал» романы аясында жарнама жасап, дайындаған ақпараттарымен бөлісті. «Бақытсыз Жамал» - Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман. Кітапты көп оқиық, құрметті жас дос!