Кел, төрле, мейірлі Наурыз!

Дата: 2023-03-16 21:48:38
Кел, төрле, мейірлі Наурыз!
2023 жылдың 15-наурызы күні Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ –де «Кел, төрле, мейірлі Наурыз!» ұлттық мейрамы өтті. Мерекеге барлық 3 сынып оқушылары атсалысты. Мерекені өткізу барысында ұлттық дәстүрлерді «Жарапазан» 3А сыныбы, «Саумалдық» 3Ә сыныбы, «Ағаш отырғызу» 3Б сыныбы, «Көрісу» 3В сыныбы қойылым ретінде ұсынды. Мерекеге сай ұлттық өнерден күй «Балдырған» Ердәулет Томиристің орындауында тамашаласа, «Батырлар» биін ұлдар тобы орындады. Мектепте өткен іс-шаралардың әрқайсысында Абай шығармашылығы ұмыт қалған емес. Халықова Жібектің орындауында «Қараңғы түнде тау қалғып» әні орындалды.
Мерекені ұлттық ойындар қыздыра түсті. Сыныптар арасында «Арқан тартыс», «Қамшы алу», «Бата айту» сайысына білім алушылар белсенді қатысып, жеңімпаздарға сый таратылды. Шараның соңында Қызыр атадан бата алып тарасты. Балаларға мереке қарсаңында жақсы көңіл –күй сыйлай алдық деп ойлаймын. Мерекелік іс шараны ұйымдастырушы Кенжеканова С.Г.