Қош келдің, құтты әз Наурыз

Дата: 2023-03-15 23:04:30
Қош келдің, құтты әз Наурыз

14- наурыз «Көрісу» күніне байланысты мектеп- лицейдің қазақ тілі пәні мұғалімі Амирбаева Газима Мажитовнаның ұйымдастыруымен 8- сынып оқушылары «Қош келдің, құтты әз Наурыз» атты мерекелік іс- шара өткізді. Наурызға қатысты сұрақтар қойлып, қазақтың қара есебінен есептер, табиғат, ауа- райына байланысты жұмбақтар шешті, ырым -тыйымдар айтты, жеребе бойынша салт -дәстүр театрландырылған көрініс қойды, ұлттық оюлар ойып, қолданысын, мәнін түсіндірді. Ән айтып, би билеп, күй тартып, оқушылар жоғары белсенділікпен қатысты.