Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!

Дата: 2023-03-14 22:07:11
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!

14 наурыз күні “Абай атындағы 2 мектеп-лицейінде” 5 сыныптар арасында «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!» тақырыбында Наурыз мейрамы аталып өтілді. Іс шараның мақсаты: оқушыларды қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін еске түсіру, ұлттық ойындар ойнау.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті, ұлттық ойындар конкурсына белсене қатысты. Арқан тартыс, асық ату, қол күрес ойындарына қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.