Наурыз мейрамы

Дата: 2023-03-14 21:38:34
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Соған орай, жоспарға сәйкес мектеп-лицейіміздің кітапханасында «Ұлттық мереке - ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұлттық мерекенің маңыздылығы түсіндіріліп, көрмеге шолу жасалды.