Кітап жарнамасы

Дата: 2023-03-14 21:36:17
Кітап жарнамасы

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап жарнамасы» өткізілді.  13 наурыз күні 2 В мен 3 Б сынып оқушылары оқыған кітаптары аясында жарнама жасап, дайындаған ақпараттарымен бөлісті. 2 В сынып оқушылары оқыған кітаптарына «Әлем ертегісі желісіндегі Комикс шығарма» атты суреттерін дайындаған екен. Тамаша! Кітапты көп оқиық, құрметті жас дос!