Қаржылық сауаттылық

Дата: 2023-03-02 12:13:40
Қаржылық сауаттылық

27.02.2023 күні кәсіпкерлік ойлауды дамыту арқылы мектеп оқушыларының қаржылық мәдениет пен жеке қаржыны тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Қаржылық сауаттылық" атты саптық жиын өтті. Саптық жиын оқу ісінің меңгерушісі Ш.Т.Жақсыгелдинаның құттықтау сөзімен ашылды. Г.М. Амирбаеваның жетекшілігімен 8Ә сыныбының үгіт насихатымен жалғасты.

Ұйымдастырушы мұғалім апталық жоспардың мазмұнымен таныстырып өтті. Саптық жиын соңында оқушылардың жетістіктері атап өтіліп, мақтау қағаздарымен, дипломдармен марапатталды.