3Д панорама және виртуалды тур

Дата: 2023-02-20 21:56:49
3Д панорама және виртуалды тур

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ –де информатика пәні мұғалімдеріне арналған «3Д панорама және виртуалды тур» тақырыбында Аманжол Қарақат және Оразалы Қарлығаш өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға барлығы 15 информатика пән мұғалімдері қатысты. Мұғалімдер семинарда виртуалды тур жасауда Panotour бағдарламасын қолдануды, 3D панорама фото жасауға қажетті программаны және түсіру кезіндегі талаптарды қалай көрсету керектігін және оны тәжірибелік тұрғыда іске асыру жолдарын үйренді. Семинар соңында мұғалімдер кері байланыс бере отырып семинардың жоғары дәрежеде өткенін атап өтті.