Мектебіме арналады

Дата: 2023-02-20 21:42:57
Мектебіме арналады
"Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылық апталығы барысында 8 сынып оқушылары арасында "Мектебіме арналады" тақырыбында видео жасау байқауы өтті. Оқушылар мобилография кәсібіне деген қызығушылықтарын байқатты. Композиция, жарық, ракурс эффектілерін дұрыс қолдана білген 8А сыныбы бас жүлдемен марапатталды.
1 ші орын 8Б сыныбы, 2 ші орын 8 в сыныбы, 3 орынды -8 ә сыныбы иеленді. Сонымен бірге "Үздік репортер" номинациясы мен Аманболды Т. және "Үздік мобилограф" номинациясымен Кемелбеков Н. марапатталды. 8 сынып оқушыларының 90 жылдық тарихы бар қазыналы білім ұясына деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін түсірген видеоларынан байқауға болады.