Кітапханаға кітап сыйла

Дата: 2023-02-20 20:44:19
Кітапханаға кітап сыйла
"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы ұйымдастырылды. Мектеп, ата-ана, оқушымен бірлесе отырып, оқушыларды рухани адамгершілікке баулу мақсатында өткізілген іс-шараға мектеп-лицейіміздің 1-11 сынып оқушылары белсенділік танытып, ұстаздар, ата-аналар өздерінің оқыған жаңа кітаптарын сыйға тартты. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына белсене атсалысқан 4 Г сынып ата-аналары, сынып жетекшісі Битанова Камшат мұғалімге, оқушыларға Алғыс білдіреміз!