Бір ел – бір кітап

Дата: 2023-02-17 10:11:19
Бір ел – бір кітап
«Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша, биылғы жылы қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға ұсынылып отыр.
Төлен Әбдік - қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал. Жазушы шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар - парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғайды.
Осыған орайда қаламыздағы «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №1 кітапхана-филиалының кітапхана меңгерушісі Утепова Меңдігүл Қозы-Көрпешқызы мен «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ кітапханашыларының бірлестік аясында Т.Әбдіктің «Оң қол» шығармасына арналған оқырмандар конференцияcы ұйымдастырылып өткізілді.  Оқырмандар  конференцияcына мектеп-лицейіміздің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, психолог Толетаева Айсұлу Аймуратовна мен 9-11 сынып оқушылары  қатысты. 
 Әдебиеттегі мистика - қызық әрі заманауи жанрдың бірі. Іс - шара барысында «Мен жазушы болсам...» деген арман жетегіне ере отырып,  шығармадағы кейіпкерлерді талдап, түйінді ой айта отырып, өзіндік пікір қалыптастыруға жол берілді. Жазушының шығармасының ішіндегі  "Оң қол" әңгімесін оқып көрген  әр оқушы бір деммен оқылатын әңгіме болса да, оқып болған соң өздерінің өзгеше сезімге бөленгендерін жасырмады.