Кітап жарнамасы

Дата: 2023-02-16 22:44:16
Кітап жарнамасы

"Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қолға алынған «Кітап жарнамасы» жалғасын табуда. 13 ақпан күні түстен кейінгі уақытта 4 Ә мен 3 Ә сынып оқушылары оқыған кітаптары аясында жарнама жасап, дайындаған ақпараттарымен бөлісті. Сонымен қатар, 3 Ә сыныбы Әзілхан Нұршайықов аталарының «Құлын мінген бала» әңгімесін жарнамалап, көрермендер арасында мақал-мәтел жарысын ұйымдастырды. Кітапты көп оқиық, құрметті жас дос!