Әкем, анам және мен

Дата: 2023-02-09 00:47:42
Әкем, анам және мен

Ақпан айының 4 жұлдызында «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі»КММ-де Сардарбекова Гүлия Рысбековнаның ұйымдастыруымен 6 «А» сыныбы «Әкем, анам және мен» тақырыбында отбасылық сайысын өткізді. Сайыс мектебіміздің спорт залында дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлесіп өткізілді. Жарыста 6 «А» сынып оқушылары ән айтып би билеп өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Сайысқа қатысқан үш отбасы 6 бөліктен тұратын эстафеталық кезеңдерден өтті. Әр отбасы өз жанкүйерлерімен келді және ата-аналар тарапынан қатысушыларға және оқушыларға спонсрлық танытқан ата-аналар да болды. Жарыс соңында әр команда бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды. Жарыс өте қызықты өтті ата-аналар да оқушылар да дән риза.