Медициналық сынып

Дата: 2023-02-07 09:57:53
Медициналық сынып

«Медициналық сынып» кәсіби бағдар беру жобасы жоспарына сәйкес  биология пәні мұғалімі Коккозова Н.А. ұйымдастыруымен медсынып оқушылары арасында  «Дәрігер-денсаулық қорғаны» атты презентациялар байқауы өтті.  Оқушылар дәрігер мамандығына деген көзқарастары мен ерекшеліктерін бейнелейтін презентацияларын қорғап, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы өздерінің ізденімпаздығы мен сандық құзіреттілігін көрсете білді. Нәтижесінде:  Cейдығали Асия ІІ орын, Алчымбаева Аружан ІІ орын,  Саттибай Тоғжан ІІІ орын, Зәрубек Заңғарбек І орын, Қаленов Арсен ІІІ орын марапатталды.