Адам өміріндегі отбасы және неке

Дата: 2022-12-12 19:24:15
Адам өміріндегі отбасы және неке
2022 жылы 5-қараша күні 9 В сыныбында "Адам өміріндегі отбасы және неке" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты:
отбасы ұғымымен, неке түрлерімен таныстыру. Отбасындағы неке рөлі туралы түсінік беру; оқушылардың өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту; эстетикалық, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру.
 Оқушыларға отбасы және некенің маңызы мен мәні туралы мәлімет берілді, отбасындағы сыйластық, қарым-қатынас пен адам құқықтары туралы пікір алмасу жүргізіліп, оқушылар топтық жұмыста "Азаматтық неке", "Үйлену тойындағы батыс елдерінің әдет-ғұрыптары" деген тақырыпта swot талдау жүргізді.