Трендтегі мамандықтар

Дата: 2022-11-22 21:48:09
Трендтегі мамандықтар

Бүгін 22.11. күні кәсіптік бағдар беру кеңесшісі Балтабай А.С. ұйымдастыруымен 6-сыныптар арасында "Трендтегі мамандықтар" тақырыбында квест ойын өтті. Оқушылар конверттегі тапсырмаларды бағыттау парақтарына сәйкес орындап,  дәрігер кабинетіне, өрт сөндіру шиттары мен ІТ кабинетіне жасырылған сұрақтар арқылы дәрігер, өрт сөндіруші, инженер секілді мамандықтардың ерекшелігі мен маңыздылығына тоқталды. "Wordwall"сандық платформасы арқылы трендтегі қоғамға пайдалы мамандықтар туралы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап берді.

Ойын сайыстың қорытынды бөлімінде оқушылар өзіне ұнаған әр түрлігеометриялық фигураларды таңдау арқылы адам бойындағы қасиеттер мен қабілеттерді ажыратып, өздерінің сүйікті мамандықтары туралы ой бөлісіп, шығармашылық жұмыстарын көрсетті.