Олимпиада

Дата: 2022-11-03 22:43:30
Олимпиада

03.11.2022 ж. күні жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада салтанатты саптық жиынмен ашылды, әнұран айтылды, соңынан мектеп-лицей директоры Рахимберлина Қ.Т. өз құттықтауын айтып, оқушыларға білім бәсекесіндегі пәндік олимпиаданың ерекше орнын айта отырып, сәттілік тіледі. Саптық жиында өткен оқу жылында Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық пәндік олимпиаданың жеңімпазы 10А сынып оқушысы Маратова Айзадаға өзінің олимпиада бойынша өз тәжірбиесімен бөлісті. Сонымен бірге пән мұғалімдері Ашимкулова А.К, Имухаметова С.С. оқушыларға сәттілік тіледі. Соңынан директордың БІЖО Шармуханбетова Ж.А. олимпиаданың өтілу барысымен және ережесімен таныстырды. Олимпиаданың І кезеңі талаптарға сай өткізілді.