Мектебімізде 10 тамыз Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына "Абай салған сара жол" атты іс-шара аталып өтілді.

Дата: 2022-08-10 17:47:49
Мектебімізде 10 тамыз Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына

Мектебімізде 10 тамыз Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына "Абай салған сара жол" атты іс-шара аталып өтілді.

Іс-шараға  қалалық  Абай оқуының жеңімпаздары және мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында Абайдың лирикалық әндері шырқалып, қара сөздері мен өлеңдері оқылды.

Абай руханиятына тағзым етіп  Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі «Тілдер орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жарылғап Махмұт Садуақасұлына  берілді.  Іс-шараға"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ және «М. Хамзин атындағы Мәдени сауықтыру орталығы» өнерпаздары  да ат салысты. Одан өзге Абай мұрасынан сыр шертетін кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Автор: №2 Лицей