Размер шрифта:

"Мисс Лагерь - 2022"

Дата: 2022-06-09 00:07:14
Абай атындағы №2 мектеп-лицей жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде 8 маусым күні «Мисс Лагерь - 2022» байқауы өткізілді.
Мақсаты: Әр баланың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Байқау барысында аруларымыз 4 бөлім бойынша бақ сынасып, білімдері мен өнерлерін ортаға салды. 
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)
2 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
3 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
4 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
Сайыс тартымды да тартысты өтті. Әділқазы алқасының шешімі бойынша 4 топ тәрбиеленушісі Бақыт Жанерке "Лагерь аруы" атанды.
Баланың қуанышы мен шат күлкісі баршамызға көтеріңкі көңіл сыйлайды. Әрқашан балапандарымыз сыңғырлаған бал үнімен шаттандырсын!