"Биле-биле" би сайысы

Дата: 2022-06-07 17:38:24

7 маусым күні "Балауса" лагерінде «Биле-биле» атты өнерге баулу мақсатында көңілді сайыс  өткізілді.  Көршілес мемлекеттердің әншілеріне пародия жасап, жұлдыздардың қимылдарын салып,  бейнесін сомдады. Сайысқа қатысушылардың бойынан    батылдық, шеберлік, қайсарлық қасиеттері   танылып, актерлік шеберліктерін көрсете білді.  Соңында қатысқан балаларға алғыс айтылып,  жеңіске жеткен жеңімпаздарды марапаттады.