Қалалық пікірсайыс турнирі

Дата: 2022-03-11 16:27:30
Қалалық пікірсайыс турнирі

“Абай атындағы №2 мектеп-лицейі” КММ-де Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “SANA” дебат клубы мен “Мектеп Парламентінің” дебат қозғалысы фракциясының ұйымдастыруымен қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті. Турнирге 6 қала мектептері мен 2 қала колледжі қатысты.  Ойын АПФ және ЛД форматында өткізілді. Төрешілекке Қарағанды Университеті пікірсайыс клубының аға буыны Бегімбай Назерке арнайы шақыртылды. Турнирдің І орын иегері “Қазақмыс” коорпорациясы палитех колледжінің “ЖҰЛДЫЗ” ИДК клубы атанды. ІІ орынды “Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі” КММ және №8 ЖББМ иеленді. ІІІ орынмен №9 ЖББМ марапатталды. Әр орынға “AQteniz” спорттық кешені демеушілік жасады. Демеушілік жасаған Касымбеков Серик Толегенулына алғысымызды білдіреміз.